Еліміз Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін одақтық республика (Қазақ КСР) мәртебесінде КСРО құрамында болғаны белгілі. Деректерде соғыс басталған кезде біздің елден 178 мыңға жуық адам Қызыл Армия қатарында болғаны айтылса, олардан бөлек майданға 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылғаны мәлім.