«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде мемлекеттік сатып алу саласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланып, кеңестің құрамына өзгеріс енгізілді.