Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың қыркүйек айында киелі шаһарға жасаған сапарында: «Қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыз осында жерленген. Былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілді. Бұл Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді деген сөз. Ал, біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ» деп қалаға ерекше баға беріп, оны қай бағытта дамыту керектігін айтқан болатын.