Жұмыр жердің бетіндегі қазақ баласының басынан талай қилы кезеңдер өтті. Гималай асып, Үндістан мен Пәкістанды басып, арып-ашып, түбі бір Түрік жеріне атанын шөгеріп, шаңырағын түсіргеннің келесі жылында атақты Зуха батырдың ұлы Шәмидің шаңырағында бір перзент дүниеге келеді.