Қазақстанда «ғажайып» болды: тосыннан Арал теңізі тола бастаған. Бірақ сарапшылар оның нақты себебі барын айтып отыр. Мұның сыртында Қазақстан Үкіметі алдағы жылда жаңа, алып бөгет-дамба салуға кіріспек. Соның арқасында «қашқан теңіз» болашақта кері оралып, Арал қаласының іргесінде көк толқыны көбігін шашып жатады деген үміт бар.