Жасты кәріге, кәріні жасқа айналдыра отырып, әртісті ұсқынсыз құбыжық ету – үлкен өнер. Әсіресе, грим саласы. Сөзбен сипатталған бейнені жасап шығуы – гримдеушінің шеберлігі. Осы салада 15 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан «Астана операның» суретші-гримері Замира Ермағанбетова «грим жасауды оқып-тоқыған аздық етеді, кәсібилік үздіксіз еңбек пен тәжірибенің арқасында келеді» деп санайды.