Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Умар Шоназаровтың бастамасымен өңірде «Елге қызмет – абыройлы міндет» әскери-патриоттық жобасы басталды. Бұл жоба облыстық Полиция басқармасы, Қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен ішкі саясат және «AMANAT» партиясымен бірлесіп жүзеге асырылмақ.