Бірнеше жылдан бері «Астана Опера» ұжымы жұмысқа жаппай ұлттық киіммен келуді дәстүрге айналдырған. Бүгінде театрда оюлы қамзол немесе шапан киген қызметкерді көптеп кездестіруге болады. 18 наурыз Ұлттық киім күні қарсаңында қызметкерлерден ұлттық нақыштағы киім киюдің артықшылығын айтып берді.