Ауыл шаруашылығы саласында техника ахуалы жақсармақ. Атап айтқанда, еліміздегі агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ АӨК субъектілері үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жаңа жеңілдікті лизинг бағдарламасын іске қосты.