Алматы облысында бес жасар бала каналдың суына ағып кетіп ажал құшты. Бүлдіршіннің денесін Жомарт саяжайының тұрғындары іздеп жүріп әрең тапқан. Бала бұл ауылға қонаққа келген екен. Жұрт қайғылы оқиғаға каналға жауапты мемлекеттік мекемені кінәлап отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.