Еліміздің барлық елді мекенінде таза ауызсу қолжетімді болуға тиіс. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында бес жылдың ішінде қалалар мен ауылдарды 100 пайыз сумен қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі. Сондықтан бұл – кезек күттірмейтін мәселе.