Түркістан облысындағы Сауран ауданының құрылғанына үш жыл және облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына орай «Бақытым сенсің, Түркістан!» атты жазба ақындар мүшәйрасы қорытындыланды. Жыр додасы екі кезеңнен тұрды, оған 50-ден астам ақындар қатысып, бақ сынады.