Адалдықтың маңызды өлшемі – еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында өз кәсібін өте жақсы білетін, оған әбден берілген еңбекқор адам ғана табысқа жете алатынын айтты.