Өзінің 4 жасар баласы Данил Ахуновты өлтірді деп айыпталып жатқан Артур Ахунов сотта соңғы сөзін айтты. Ол сот сараптамаларымен келіспейтінін, өзін кінәлі санамайтынын мәлімдеді. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Артур Ахунов соңғы сөзін айтты. Ол өзін кінәлі деп санамайды. Тіпті, балаларды жақсы көргенін алға тартып, көзіне жас алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.