Бүгінгі таңда МӘМС жүйесі бойынша халықтан көп шағым түсіп жатыр. Бірер ай бұрын ғана өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын реформалау қажет екенін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен еді. Осы жайында денсаулық сақтау саласының сарапшысы, елордалық №8 емхананың бас дәрігері Қанат Төсекбаевтің пікірін білдік.