Алматыда Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған аламан айтыс өтті. Әділқазылар алқасының шешімімен республикалық айтыстың бас жүлде иегері атанған Мұхтар Ниязов 2.5 миллион теңгелік сертификатпен марапатталды. Қазірет Бердіхан І орынды жеңіп алса, ІІ орынның төріне Шұғайып Сезімхан мен Жансая Мусина жайғасты. Ал ІІІ орынды Серік Қуанған мен Төлеген Жаманов өзара бөлісті.