Мәжілістің кешегі Жалпы отырысында көтерілген 5 мәселенің қай-қайсысы да маңызды деуге болады. Сол себептен де олар қызу талқылаудан өтті. Күн тәртібіндегі азаматтық қорғау, Франциямен арнайы келісімді және ЕАЭО мен ҰКШҰ ұйымдарымен арадағы хаттамаларды ратификациялау мәселелерінің арасында тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасының шоқтығы биік тұрды.