Солтүстікке көш мәселесінде БАҚ өкілдеріне бірі "Солтүстікке келгелі байып кеттік" деп сұхбат берсе, бірі үкіметтен берілген үйлердің сапасы нашарлығын айтып, өзге де түрлі шағымдарын жаудырып жатады. Ақ-қарасы қандай? Туып өскен Оңтүстіктегі жерін тастап мемлекеттік бағдарламаға үміт артып көшіп барған қазақтарды Солтүстікте не күтіп тұр? Мән-жайын көпшілікті теріскейге көшуге шақырып жүрген белсенді Бурахан Дақановтан сұрап білдік, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.