Жақында еркін күрес шебері Талғат Сырбаздың допинг дауына іліккені туралы әңгіменің шеті шықты. Спорт басылымдары хабарлаған ақпарды ресми орган мәлімдемейінше, жылы жауып қойғанбыз. Енді, міне, Қазақ ұлттық допингке қарсы орталығы 2024 жылы «құрыққа түскен» спортшылар тізімін жариялады. Олардың қатарында еркін күрестен Азия чемпионы Талғат Сырбаз да бар.