Бизнестің цифрлық трансформациясының дамуы, геосаяси жағдайдың шиеленісуі және киберқауіптердің күшеюі кезеңінде деректерді қорғау мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Сондықтан бүкіл әлемде мәліметтерді өңдеу орталықтарының (ДӨО) қызметтеріне сұраныс айтарлықтай қарқынды өсуде.