Бұлар Әжелер емес. Кеңес заманында кеңседе қызмет істегендер. Қоғамға белсене араласқандар. Коммунистік жиналыста дес бермей сөз сөйлеп, активист болғандар, яғни ерлермен иық тіресіп, өздерінің айтуынша, «еркек болып» кетпегендер. Бірақ бір-екі баланы дүниеге әкеліп, оның тәрбиесін күйеуіне беруге намыстанып, «туған да өзім, асыраған да өзім» деп жар салғандар.