Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Президент шағын құрамдағы келіссөз барысында Премьер-министрдің елімізге жасаған сапары қазақ-словак серіктестігін нығайтып, екіжақты қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.
Жаңалықтар





























