Бүгінде буллинг жасөспірімдер арасында кеңінен таралып отыр. Өкінішке қарай, елімізде әрбір бесінші оқушы буллингке ұшырайды. ЮНЕСКО есебіне сәйкес, елдегі балалардың 63 пайызы зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің куәсі болғанын, 44 пайызы құрбан болғанын, 24 пайызы мектепте басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік әрекеттерін жасағаны айтылады.