Бюджет қаржысын оңды-солды шашу, негізсіз төлем жүргізу тоқтамай тұр. Сөзіміз дәлелсіз емес. Батыс Қазақстан облысында ревизиялық комиссия мүшелері Сырым, Ақжайық, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласының құрылыс бөліміне аудит жүргізген. Аудит қорытындысын естіп, еріксіз бас шайқадық.