Қазақтың тәрбие институты ата, әке, бала үштігінен тұратыны белгілі. Тәрбие институты – атап, әлдеқандай етіп отырғанымыз болмаса, қазақтың әр шаңырағында кездесетін, әр қазақ баласын қалыптастырған тәрбие жосығы. Бүгінде 70-тің жотасына шығып отырған Құлбек Ергөбектің ғұмырнамалық жазбаларын оқысаңыз, алты жаста әкесі қайтыс болып, жетім өскенін аңғарасыз. Ал осы азаматтың жазған шығармашылығын оқысаңыз, жетім өскен «көргенсіз» балаға сірә да ұқсамайды.