Сүйек ұқсату өнері – көнеден келе жатқан кәсіп. Халқымыздың тыныс-тіршілігінде сүйектің киелілігі сонша, ол тіпті тілдік қатынасымыз бен әлеуметтік құрылымымыздың негізіне айналған. Мәселен, туыстық байланысты білдіретін «сүйегі бір», «сүйек жаңғырту», «сүйек шатыс» тәрізді атаулар мен «ақсүйек» сынды ойындар сөзіміздің дәлелі бола алады. Көшпелілер сүйек пен мүйізден зергерлік бұйым, ыдыс жасаған. Ал бүгінгі кейіпкеріміз сүйектен декорлар мен интерьер жасайды.
Жаңалықтар