Кеше Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды. Жыл сайын каникулға кетер алдында аймақтарды аралауды дәстүрге айналдырған халық қалаулылары көптеген нысанды аралап, халықпен кездесіп, түрлі жиынға қатысады. Осылайша, жергілікті проблемаларды өз көзімен көріп, өз құлағымен естіп, тиісті органдарға жеткізуге бастамашы болады. Өңірлерге сапар шілде айының 10-ына дейін жалғаспақ.