Аты әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясына барып, курсанттармен кездесті. Алтын дауысты әншіні академия бастығының бірінші орынбасары, полковник А.Исмаилов және басшылық құрам қарсы алды.