Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік мемлекеттік сапармен Сингапурға барды. Сапар барысында ол Сингапур Республикасының Президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізді. Бірқатар мемлекеттік қызмет және іскерлік орта өкілдерімен кездесіп, қабылдау өткізді. Бизнес форумда сөз сөйлеп, 46-шы Сингапур лекциясын оқып, ректорлар форумына қатысты.