XX ғасыр молекулярлы биология, генетика, медицина және химия саласында тың жаңалықтарға толы болғаны белгілі. Соның ең бір озығы – ДНҚ-ның ашылуы десек болады. Жыл сайын 25 сәуірде әлемде генетика мен осы салада жасалған ғылыми жетістіктердің маңызын мойындау үшін ерекше мереке – Халықаралық ДНҚ күні атап өтіледі.