Жетісу жеріне «жасыл» энергетиканы дамытудың мүмкіндігі жетерлік мол. Күннің көзі молынан түсетін аймақтар, арынды өзендері арқырап ағатын сай-салаларымен бірге екпіндей соғатын желін бағындырса, айналасын электр қуатынан тарықтырмайтын аумақтар да баршылық.