Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасы аясында жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып, туған жердің тазалығы мен көркейтуіне азаматтардың жауапкершілігі арта түсуде. «AMANAT» партиясы бұл бастаманы «Таза бейсенбі» жобасы арқылы тұрақты түрде іске асырып, апта сайын белсенді азаматтардың қатысуымен қоғамдық кеңістіктерді тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп келеді.