Мәжілісте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселенің бірі 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы болды. Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдаған партия фракциялары жиын қорытындысында оны қабылдауға қатысты дауыс берді.