Түркістан қаласында «Фараб» мемлекеттік кітапханасының үлкен мәжіліс залында Қазақ хандығы тұсындағы көрнекті мемлекет қайраткері, жырау, батыр, жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық күрестің жетекші көсемдерінің бірі Қожаберген Толыбайұлының (1663-1773) 360 жылдығына және «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған «Елім-ай» дастан-жырының 300 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.