Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің 4-курс студенті Аружан Амангелді өзі білім алған оқу орнына қол ұшын созды: ол әлеуметтік осал санаттағы студенттерді қолдау үшін ЕҰУ-дың Эндаумент қорына 5 миллион теңге аударды. Айта кетейік, Қазақстанда алғаш рет ЖОО студенті өз университетіне қайырымдылық көмек көрсетіп отыр.