Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің (AISBL) президенті Саад Хани Аль-Каддуми қолөнерді дамытудың болашағы мен елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады. Қала басшысы Алматының Қазақстанның мәдени, ғылыми-білім беру және іскерлік орталығы, шеберлер мен суретшілер үшін тартымды орталық екенін атап өтті.