Елордада Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Кезекті рет өтіп отырған жәрмеңке жұмыссыз тұрғындарға, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ алимент бойынша қарызы бар адамдарға арналды.