БҚО-да «Орал – есірткісіз қала» атты жаңа жоба таныстырылды. Бұл жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – есірткімен күрестің қысқа мерзімі. Бұған есірткіні тәркілеу, қылмыскерді анықтау, ұстау секілді ішкі істер органдарының негізгі қызметі кіреді.