Еуразия ұлттық университетінің биотехнологтары өсімдіктерді вирустардан қорғау үшін Қазақстанда бірінші рет CRISPR/Cas13 геномдық өңдеу технологиясын қолданды. ЖОО ғалымдарының инновациялық шешімі ауылшаруашылық дақылдардың иммунитетін күшейтуге, аурулар мен күйзеліске төзімділігін арттыруға мүмкіндік берді.