Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушы-зерттеушісі Руслан Сафаров геохимиялық зерттеулерде нейрондық желілерді қолдануда. Ғалым әріптестерімен бірге қаланың тұрғын аудандарында және өнеркәсіптік аймақтарда топырақтағы ластаушы заттардың таралуын зерттейді. Оның ішінде ауыр металдарға баса назар аударылған.