Биыл тарихи заңғар тұлға Халел Досмұхамедовтің туғанына – 140 жыл. Соған орай «Халел Досмұхамедов мұрасы және қазіргі қазақ қоғамы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына келген Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «АРЫС» қорының президенті, филология ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құрметті профессоры Ғарифолла ӘНЕСПЕН сұхбаттасқан едік.