Бүгінде Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысты көзімен көрген жүзден астам ардагер өмір сүреді. Олардың біршамасы қазір еліміздің оңтүстік астанасында тұрады. Осыдан 81 жыл бұрын жеңістің дәмін татқан жас сарбаздар қазір тұтас бір дәуірдің өшпес шежіресіне айналды. Олар – тарихтың куәгері ғана емес, ел жадында мәңгі сақталатын ерлік пен өр рухтың символы.
Жаңалықтар