Қазақстанның газ өндірісінде бірқатар ілгерілеу бар, шикізат қоры да жеткілікті. Кейінгі жылдары халықты түгел табиғи газбен қамтамасыз ету қолға алынған. Дей тұрғанмен, газ өңдеу зауыттарының қажеттілігі, автогаз бағасы, табиғи газдың шалғай елді мекендерге толық тартылуы әлі де өзекті күйінде қалып отыр.