«AMANAT» партиясы үйін су басқан оралдықтарға 150 тоннаға жуық гуманитарлық көмек берді. Қарғын судан зардап шеккен тұрғындарды қолдау үшін жиналған бұл жәрдемді партияның Астана, Алматы, Жетісу, Шымкент, Қызылорда облыстарындағы филиалдары жіберіп отыр.