Жетісу облысының орталығы Талдықорғандағы проблемалардың бірі – «Көк базар» маңындағы көшелер бойын түбегейлі жаулап алған саудагерлердің заңсыз, жабайы сауда-саттығына тосқауыл қойып, ретке келтірудің қиындығы. Кейінгі ширек ғасырда осы мәселенің түйінін тарқатпақ болғандардың ешқайсысы жабайы сауданы жанбағыс, күнкөріс көзіне айналдырғандарды жөнге сала алмады.