Қызылорданың ми қайнатар аптапты ыстығы ерте көктемнен сезіле бастайды. Мамыр айынан бастап қала халқы талдардың саясын паналап, суға шомылу науқанын асыға күтеді. Бірақ жағажайда жан бағуды көксеп жүрген қара халықтың бұл арманы әзірге орындалар емес.