Бүгінде әлемдегі 8 млрд адамның 4,9 миллиарды, яғни 61 пайызы әлеуметтік желіні қолданатынын білесіз бе? Желілердің ішіндегі ең танымалы Facebook болып тұр, оның қолданушыларының саны – 2,95 млрд адам. Одан кейінгі орындарда – Youtube пен Whatsapp, бұлардың әрқайсысын 2 млрд-тан астам адам қолданады.