Petrelli Previtera ұйымының биылғы жаңартылған мәліметіне сәйкес, Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде Мальдив аралдарынан кейінгі екінші орында тұр – мың адамға шаққанда 4,6. Былтыр елімізде мың некенің 333-і ажырасқан. Неке ұзақтығы бойынша ажырасудың көп үлесі (34,9%) 1-4 жыл некеде өмір сүрген отбасыларда, тағы 26,7% 5-9 жыл отасқандар арасында болған.