Сөмкеде жатқан әтірге бола, ұшақтан қалып қойып жүрмеңіз. Елдегі әуе көлігіне қол жүгі мен багаж ретінде тиеуге болмайтын заттардың тізімі өзгерді. Ереже заңды күшіне 13 тамызда енеді. Тыйым салынған жүктің қатарында тұрмыста күнде қолданатын заттар да бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.