Астанадағы «Динамо» аула клубында тәрбиеленушілерге арналған жаңажылдық кеш өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шараға халықтың әлеуметтік осал тобы санатына жататын спортшылар және бапкерлер, ата-аналар қатысты.